Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында "Аулада қабылдау" акциясы өтті

Мұнайлы ауданында халықпен ашық диалог орнату және өзекті мәселелерді жергілікті жерде шешу мақсатында "Аулада қабылдау" акциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутов, қоғамдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және Маңғыстау ауылының әкімі қатысты. Олар 22-квартал тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Кездесуге жүзге жуық тұрғын қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. полиция бөлімінің бастығы әрбір тұрғынмен жеке тілдесіп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар интернет-алаяқтық, ұрлық және нашақорлықтың алдын алу бағытында кең көлемде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Азаматтарға құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары мен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру