Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полиция халықтан 44 қару сатып алды

Маңғыстауда тұрғындар 44 қаруды өз еркімен тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыс қаруын қолдана отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 1 шілдеден бастап облыс аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

Бұл іс-шараны өткізу үшін Маңғыстау облысында республикалық бюджеттен 2 млн 937 мың теңге қаражат бөлінді.

Акция басталғалы бері облыстық полиция басқарма,бөлімдеріне азаматтардан 44 қару-жарақты өз еркімен тапсырған 47 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

12 бірлік –ойық ұңғылы;
31 бірлік – тегіс ұңғылы;
1 бірлік – жарақат (травматическое);
312 дана оқ дәрілері (патрон).
1 дана жарылғыш снаряд.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру