Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте газбен жабдықталған көлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында газбен жабдықталған көлік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматтарды газбен жабдықталған көліктерге қойылатын талаптар мен ережелер туралы құлағдар етті. Сонымен қатар ауа райы температурасының күрт көтерілуі дәл осы автокөліктердің өртке орану қауіпін еселейді. Сондықтан көлік иелерінің сақтық шараларын ұстануы маңызды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және еріктілермен бірлесе атқарып жатқан бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру