Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйдегі астаналық Петропавлда полиция қызметкеріне соққы жасады

Мас күйдегі астаналық Петропавлда полиция қызметкеріне соққы жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полиция қызметкеріне қол жұмсаған елорда тұрғыны ірі айыппұл төлеуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақпан айының басында сағат 02:20 шамасында Әуезов көшесіндегі “391 модуль” стационарлық бекетінде қызмет атқарып жүрген Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қимылсыз отырған адамға назар аударған. Тәртіп сақшылары оған көмек ұсыну ниетімен қасына барып жөн сұраспақ болған. Астана қаласының 44 жастағы тұрғыны мас күйде болған. Ол полицейлердің әрекетіне ашумен жауап берген. Ол қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін әкімшілік материал жинап жатқан полиция қызметкерлерінің біріне соққы берген.

– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Естеріңізге сала кетейік, билік өкілінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оған қатысты күш қолдану үшін заңмен 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жауапкершілік көзделген, – деп хабарлайды Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру