Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушілер шымкенттік полицейлердің қатаң бақылауында

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкі мен Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ көлікті мас күйде жүргізу фактілерін болдырмау шымкенттік полицейлердің қатаң бақылауында. 

Жыл басынан бері Шымкент қаласында көлік құралын масаң күйде басқарудың 182 жайты анықталған. Құқықбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен хаттамалар толтырылып, заңды шара көрілген.

Шымкент қаласының Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті еске салады. Өз өміріңіз бен айналаңыздағылардың өміріне қауіп төндірмеңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру