Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Нөмірге қатысты Telegram-ға жаз”: астаналық ұрланған мемлекеттік нөмір белгілерін сатқан

Астаналық ұрланған мемлекеттік нөмір белгілерін сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөліктің мемлекеттік нөмірлерін ұрлау бойынша қылмыстық арам ойды 30 жастағы ер адам ұйымдастырған. Күдікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, орнына “нөмірге қатысты Telegram-ға жаз” деген жазба қалдырған.

Ұрланған нөмір үшін автокөлік иелерінен 7-ден 10 мың теңгеге дейін қаржыны талап еткен. Ресей Федерациясының азаматы түнде белгісіз адам Kia Ceed автокөлгінен мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын хабарлап полицияға арызбен жүгінді. Аталған көлік Ресей есебінде тіркелген.

Қалдырылған жазбада күдікті Telegram арнасының байланыс деректерін көрсетіп, нөмірді қайтару үшін ақша талап еткен. Түнгі бейнежазбаның кадрларында күдіктінің өз көлігінде автотұраққа кіріп, басқа біреудің көлігінің жанында тоқтап, мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын көруге болады. Оған қылмыс жасауға бір жарым минут қана уақыт кетті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта оның үш мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. ҚР ҚК 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру