Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй аламын деп дәмеленген шымкенттік 7 млн теңгесінен айырылды

Үй аламын деп дәмеленген шымкенттік 7 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйек Шымкент қаласы Абай АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оны танысы қаладан пәтер алып беремін деп алдап кеткен. Шығын көлемі – 7 млн теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті ер азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол 53 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Ұсталған күдікті бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз. Заңсыз әрекетке қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барғанын мойындады. Алған ақшаны қарыздарына таратып жіберген.

Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру