Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері СҚО ПД криминалистерінен дәріс алды

Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері СҚО ПД криминалистерінен дәріс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының полигоны мен музейінде ерекше қонақтарды қабылдады. Полиция департаменті Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерін оқытуға жәрдемдесті. Криминалистер облыстық ЭТД әріптестеріне “шеберлік сыныбын” өткізді. Криминалистикалық полигонда оқиға орнын қарау бойынша сабақ жүргізілді. Полиция қонақтары қол іздерін анықтаудың жаңа әдіс-тәсілдерімен, жұмыстың теориялық және практикалық дағдыларымен, криминалистикалық техникамен, заттай дәлелдемелерді алу және орау әдістерімен танысты.

– ЭТД қызметкерлері жүргізетін тергеулердің ерекшелігін ескере отырып, жалған ақша, құнды қағаздардың бланкілері мен құжаттардың бланкілерін тануға үйретуге басты көңіл бөлінді, – дейді СҚО ПД ЖКБ бастығының орынбасары Қанат Оспанов. – Мұндай зерттеулер жүргізу полицейлер тәжірибесінде сирек кездеседі. Мысалға, облыстың криминалистикалық бөліністерінде қызмет ететін 48 қызметкерінің ішінде бес адамда ғана банкноттарды зерттеуге рұқсаты бар. Оқу әдістемелігі ретінде СҚО ПД ЖКБ музейіндегі экспонаттар пайдаланылды, оның қорында мамандарды оқыту кезінде қажетті сақтауда тұрған 300 аса бірегей зат бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру