Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы колониясының сотталғандары мүсіндер дайындауда

Алматы облысы колониясының сотталғандары мүсіндер дайындауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Сотталғандар ЛА-155/8 мекемесінің өнеркәсіптік аумағында кәсіпкерлік қызметін жүргізетін “Exim Commerce Group” ЖШС-де мүсіндер жасауда.

– Асыра айтпаса, бұл шынымен де талантты адамдар. Қазіргi таңда толық көлеміндегі өнер түрін білушіні таң қалдыратын жылқының мүсіні аяқталды, – деді аумақтық ҚАЖД бастығы Иглік Хасенов.

Тапсырыс берген Қапшағай қаласының кәсіпкері мүсіндіні Іле өзенінде орналасқан “Көшпенді” демалыс аймағына орнатуды жоспарлап отыр.

Әрине, бұл жұмыс уақытылы төленеді, бұл сотталғандарға, талап-арыздарды өз бетінше төлеуге және туыстары мен жақындарына материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жинақталған тәжірибе сотталғандарға азаматтық өмірге оралған кезде көмек көрсетедi.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру