Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ұры дәмханадан тұрмыстық техника мен үш қап ұнды қолды қылды

Теміртауда ұры дәмханадан тұрмыстық техника мен үш қап ұнды қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 28 жастағы кәсіпкерден арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреудің дәмханаға кіріп, электр шәйнегін, таразыны, микротолқынды пешті, үш қап ұнды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

2 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру