Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өмірдің бір қызығы бала деген. Фоторепортаж

ІІМ-де балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Жаздың жарқын күнінде полиция ведомствосының есігі қызметкерлердің отбасылары үшін айқара ашылды. Шараның басты әрі ерекше қонақтары балалар болды.

Бүлдіршіндерді мерекемен және жазғы демалыстың басталуымен ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха құттықтады.

Мерекелік бағдарлама жас спортшылар мен министрлік ұйымдастырған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттаудан басталды.

Жиналған қонақтардың алдында кішкентай өнерпаздар, арнайы жасақтың жауынгерлері мен кинологтар өнер көрсетті.

Тараз есімді овчарка кештің жұлдызына айналды. Балалардың қошеметіне бөленген ит инспектордың әрбір тапсырмасын тиянақты орындады.

Министрлік ауласы алуан түске боялып, балдырғандардың қиялынан туған суреттермен безендірілді.

Мультфильм кейіпкерлері балалармен интерактивті ойындар өткізді. Арнайы ән-билерімен ерекше көңіл күй сыйлады.

Балаларға тәтті балмұздақтар да таратылды.

Одан бөлек арнайы көрме де ұйымдастырылды. Кішкентай қонақтар әскери техникамен, қызметтік көліктермен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру