Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері аз қамтылған отбасылардың балаларын қуантты

Шымкент полицейлері аз қамтылған отбасылардың балаларын қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұран ауданы полиция басқармасының қызметкерлері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын ойын-сауық орталығына апарып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Аттракциондар, батуттар, кинотеатр және басқа да ойын алаңдары балаларды керемет әсерге бөледі.

7 жастан 11 жасқа дейінгі 15 бала аниматорлармен және полиция қызметкерлерімен бірге ән айтып, би билеп, қызықты шоу-бағдарламаларды тамашалады. Ұмытылмас ойын-сауықтан кейін балалар үшін түскі ас ұйымдастырылды.

– Уақытты дәл бүгінгідей өткізуге әр баланың мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан әріптестермен бірге оларға жақсы естеліктер сыйлауды ұйғардық, – деп бөлісті полиция қызметкері Раушан Кертаева.

Айта кетейік, мегаполис полицейлері қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру