Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда сүйіктісін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен оралдық тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 5 қараша күні қаланың шағынаудандарының бірінде орын алды. Жалдамалы пәтерде көптеген пышақ жарақаты салынған 40 жастағы әйелдің денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында 42 жастағы ер адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған екеудің кездесіп жүргені, пәтер жалдап, бірге арақ ішкені анықталды. Ер адам мас күйінде сүйіктісін қызғаныштан өлтірген. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру