Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД музейі туған күнін алғашқы рет бейнеконференция форматында өткізді

СҚО ПД музейі туған күнін алғашқы рет бейнеконференция форматында өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полиция музейі жұмыс істеп келе жатқан 32 жылда туған күнін алғашқы рет бейнеконференция форматында өткізді. Бұл карантиндік шектеулер кезеңінде біраз аудитория жинауға мүмкіндік берді. Қалалық полиция бөліністерінің және облыстағы он үш аудандық полиция бөлімдерінің жас қызметкерлері мен ардагерлері тікелей қосылды. Конференция жүргізушілері музей меңгерушісі Любовь Осинская мен СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина музейдің тарихы 1989 жылы Қазақстан Конституциясы көшесі, 51 мекенжайындағы ғимараттың бір бөлмесінен басталғанын баяндап берді. Музей екі рет мекенжайын ауыстырды. Бүгінгі күні бұл бес мыңнан астам экспонат орналастырылған төрт үлкен залдан тұрады. Өткен жылдары ведомство музейінде 45 мыңнан астам келуші болған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткзілген 1-ші Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша музей ІІМ үздік ведомстволық полиция музейі деп танылды.

Конференцияға қатысушыларға бірнеше негізгі экспозициялар көрсетілді. Экспозицияның бірі – жоғарғы үкімет наградасымен, “Жеке ерлігі үшін” орденімен марапатталған жалғыз солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы – милиция майоры Алексей Щербаковқа арналған. Смирнов аудан орталығындағы көшелердің бірі оның есімімен аталады. Облысымызда бес көшеге қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлеріміздің есімдері берілген.

Айта кетсек, СҚО-да 1935-1995 жылдары қылмыскерлермен күресте сегіз қызметкер қаза тапқан. 70 жыл бұрын қылмыскердің қолынан қаза тапқан қатардағы милиционер Ғазиз Есімов солтүстікқазақстандық полицейлердің мәңгі есінде. 2016 жылы ашылған жас қызметкерлер аллеясы Ғазиз Есімовтің есімімен аталады. ІІО қатарында бүгінгі күні Отанына қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің әулеті 25 жасында қаза тапқан Ғазиз Есімовтен бастау алған.

2007 жылы Уәлиханов ауданында қатыгездікпен бес адамды өлтіру – облыстық полиция музейіне қойылған резонанстық қылмыстардың үлгілерінің бірі. Келесі бір бірегей экспонат – 30-ға жуық есірткі қылмысын ашуға септігін тигізген қызметтік-іздестіру иті – Рекстің тұлыбы. Төртінші залдағы экспозиялар Тәуелсіздік жылдарына арналған, мұнда бүгінгі күн батырларының ерліктері және өз маманы бойынша үздік деп танылған қызметкерлердің есімдері көрсетілген.

Кездесуді қорытындылай келе, СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин ІІО музейлері өткен күннің жарқын парақтары жайлы естеліктерді есте сақтау және жерлестерінің ерлік істерімен тәрбиеленген жас полицейлердің халыққа, мемлекетке абыроймен қызмет атқарып, жаңа буын қызметкерлеріне табыстауы үшін қажет екендігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру