Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО айыптұрағында 7 ұрланған ресейлік автомашина тұр

Солтүстік Қазақстан облысының айыптұрағында жеті ұрланған ресейлік автомашина тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында адам қаза тапқан және жарақат алған 151 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 42-сі шетелде тіркелген көліктің қатысуымен болған.
Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркейтін автоматтандырылған құралдар ұзақ уақытқа дейін шетелде тіркелген автомобильдерді тіркей алмады. Деректер базасын біріктірудің арқасында, мұндай машиналардың жүргізушілері жасаған бұзушылықтарды интеллектуалды бейнебақылау жүйесі қадағалай алатын болды. Мәселен, биылғы жылы Петропавлда ресейлік тіркеудегі көлік жүргізушілері тарапынан 1 475 бұзушылық анықталды.

– Шетелден әкелінген бірнеше машина сәйкес құжаттарсыз сатып алынғандар немесе оның бұрынғы иесінің көлікті тіркеуден шығарғандар, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов. – Ешқайда тіркеуде жоқ көлікті міну Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған. Мұндай көлігі барларға барлық қажетті құжаттарды қалпына келтіру қажет.

Шетелден әкелінген криминалдық әрекеттерге қатысы бар көліктерді пайдаланатын қазақстандықтар үшін көлікті қайтару мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық істердің қозғалуына байланысты іздеуде болған ресейлік жеті көлік айып тұрағына қойылды.

Солтүстікқазақстандық полицейлер ресейлік әріптестері жіберген бағдар бойынша Аққайың ауданынан анықтаған Nissan Qashqai көлігін мысал ретінде келтіруге болады. Көлік 2019 жылдан бері ұрланғандар қатарында болған. Айып тұрағына қойылған көліктердің барлығы қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін шетелге қайтарылады. Оларды тексермей сатып алған қазақстандықтарға заңда ешқандай өтемақы қарастырылмаған.

Тәртіп сақшылары көлік иелерінен шетелдік көліктерді тіркеу мәселесін реттеуге шара қолдануды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру