Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер 97 жастағы ардагердің үйіне құттықтап барды

Ордабасылық полицейлер 97 жастағы ардагерді құттықтап қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ бастығы Ғалымжан Қуашбаев орынбасарларымен бірге Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында биыл 97 жасқа аяқ басқан Қалмен Мұратов атамызды мерекемен құттықтап қайтты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ардақты ардагерге алғыстарын жеткізу мақсатында иығына шапан жауып, ақшалай сыйлықтар мен автокөлік табыс етті. Қалмен атамыздың ел үшін еткен еңбегі бүгінгі таңда жас ұрпаққа үлгі болып отыр.

Сондай-ақ Ордабасы АПБ-ның жас мамандарынан құралған бір топ қызметкерлері “Даңқ” мемориал кешенінде болып, ардагерлер жайында бар мәліметтермен танысты. Мереке қарсаңында құрмет көрсету үшінкелген аталардың әңгімелерін тыңдап, бойларына күш-қуат жинады.

“Қариясы бар үйдің, қазынасы бар” демекші әр шаңырақ қазыналы болғай. Мереке құтты болсын!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру