Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полиция жолда болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды

Өскемен қаласынан Риддер бағытына шығар жолда қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторлары – Фархат Какенов пен Жанболат Саржекеевтің қырағылығы жол бойындағы қауіпті жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары "ГАЗ" автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексерді.

Тексеру нәтижесінде 35 жастағы ер адамның сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғаны және осыған байланысты көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Мұндай жағдайда көлік жүргізу заңмен тыйым салынған, себебі ол жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысына қатысатын өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына да елеулі қауіп төндіреді.

Қауіпті жағдайдың алдын алу мақсатында автокөлік арнайы айып тұрағына жеткізілді. Ал ер адамға қажетті медициналық көмек көрсету үшін ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұл оқиға жақындарымыздың денсаулығына бейжай қарамаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Егер отбасыңызда денсаулығына байланысты шектеулері бар азаматтар болса, көлік кілттерінің қолжетімділігіне ерекше назар аударып, олардың көлік басқаруына жол бермеу қажет.

Полицейлердің қырағылығы ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Ал мұндай оқиғалардың болдырмаудағы ең басты кепіл – жақындарға деген қамқорлық, жауапкершілік және қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру