Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жоғалған 15 жастағы бала қараусыз қалған үйден табылды

Өскемен полицейлері жоғалған 15 жастағы жасөспірімді қараусыз қалған үйлердің бірінен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

9 қазан күні сағат 21:42-де 102 жедел каналына 43 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 15 жастағы ұлын іздеуге көмек сұрады. Ер адамның айтуынша, оның 15 жастағы ұлы 8 қазан күні сағат 19:00-де үйден шығып, қайтып оралмаған. Кәмелетке толмағанның орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Тәртіп сақшылары кез-келген ақпаратқа ие бола алатын таныстары мен куәгерлерінен сұхбат алып, іргелес аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият зерттеді.

Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автокөліктерді пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Бау-бақша аумақтарын, Ертіс өзенінің жағалауын қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, саяжай алқаптарына іргелес жатқан көпқабатты үйлердің шатырлы үй-жайлары мен жертөлелеріне тексеру жүргізілді.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ қызметкері, аға жедел уәкіл Әнуар Ахметов қараусыз қалған үйлердің бірінен тапты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйге аман-есен жеткізілді, – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Табылған жасөспірімнің әкесі құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру