Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзін салон әкімшісі ретінде таныстырған елордалық азамат өзгенің ақшасын заңсыз иемденген

Өзін салон әкімшісі ретінде таныстырған елордалық азамат өзгенің ақшасын заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны белгісіз біреудің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғанын айтып, полицияға арызданған.

Тергеу барысында 34 жастағы ер адам массаж салонынан бөлме брондағысы келіп, салон әкімшісіне хабарласқан. Алайда ол бос орын жоқтығын айтқан әкімшіден салонға тапсырыс берген адамның телефон нөмірін сұрап үлгерген. Сөйтіп салонға тапсырыс берген адамға өзін сол салонның әкімшіcі ретінде таныстырып, сөйлесе бастаған кезде оның брондаудан бас тартқанын біліп, оны бірден пайдасына асыруды шешкен. Күдікті брондаудан бас тартқаны үшін айыппұл ретінде 110 мың теңге төлеу керек екенін айтып, көндірген. Оған сенген Астана тұрғыны салонға келмейтінін мойындап, айтқан ақшасын жіберген. Кейін ол алаяққа алданып қалғанын біліп, полицияға хабарласқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру