Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

БҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазанның 26 күні сағат шамамен 11:30 кезінде белгісіз біреу 85 жастағы зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есіктің құлпын ашқан әйелге бас салып, күш қолданып, бірнеше рет соққы жасайды. Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың рубль ақшасын (5 мыңдық банкнотта) жымқырып кеткен. Келтірілген залал 3,5 млн теңге.

Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 32 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды.

Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.

Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру