Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қаңғыбас” ЖПІШ: Ақтауда бір күнде 25 адам есепке алынды

Ақтау қаласы аумағында 30 қазан мен 4 қараша аралығында “Қаңғыбас” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара аясында қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бір күн ішінде барлығы 25 тұлға анықталып, есепке қойылды. 13 тұлға уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, құжатсыз жүрген тұлғаларды анықтап, олардың арасында болатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Полиция қызметкерлерімен тұрғын үй кешендерінің кіреберістері, жертөлелер, қараусыз қалған ғимараттар және қоғамдық орындар тексеріліп жатыр.

Ақтау қаласы полиция басқармасы азаматтарды заңмен белгіленген талаптарды бұзбауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру