Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пайызсыз несие алып беремін”: тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Қызылорда облысының полицейлері тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары өзінің жерлестерінен “көп-қабатты үйлерден пәтер алып беремін”, “пайызсыз несие алып беремін”, “жұмысқа орналастырып беремін”, “үйдің құжаттарын рәсімдеп беремін” деген түрлі желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2,2 миллион теңге көлемінде ақшаларын алған. Алаяқтың арбауына облыстың үш тұрғыны түсіп үлгерген.

Тұрғындардан түскен арыздар негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 47 жастағы азаматша құрықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады.

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру