Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерін есірткі тұтынушыларға ұсынған азамат 10 жылға сотталды

Алматыда есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастырған азамат 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне қала тұрғынының есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға арналған притон ұйымдастырғаны, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында есірткі және психотроптық заттарды сатумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 302- бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру) бойынша тіркелді.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 49 жастағы притон ұйымдастырушысының бұрын есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның есірткіге тәуелді азаматтар арасында пәтерін есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын орын ретінде беру туралы ақпаратты таратқаны және сол жерде есірткі сатқаны анықталды. Есірткі тұтыну үшін пәтерін берумен қатар, күдікті ол жерде заңсыз есірткі заттарын өндірген. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің есірткі сатудың 40-тан астам фактісіне қатысы дәлелденді, – деді Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының бөлім бастығы Әділ Салаев.

Сот үкімімен күдікті азамат  ҚР ҚК-нің 302-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы, 297-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру