Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 10 интернет-алаяқтыққа қатысы бар азамат анықталды

Павлодар облысында 10 интернет-алаяқтыққа қатысы бар азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтыққа күдіктілердің үшеуін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған “Аnti-fraud” ЖПШ шеңберінде Павлодар облысының жедел қызметкерлері анықтады.

– Облыс орталығында ер адам әлеуметтік желіде жиһаз сату туралы хабарландыру беру арқылы өңір тұрғындарын алдады. Оның 10 интернет-алаяқтыққа қатысы бар екендігі дәлелденді. Жедел қызметкерлер оның осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Басқа жағдайда, көрші мемлекеттің азаматы ОЛХ сайты арқылы жоқ принтерлерді сатуды жүзеге асырды. Қызығушылық танытқан азаматтардан өз ЖШС-ке ақша аударуды сұрады, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Ал 25 жастағы азамат зейнетақы жинақтарын алуға көмек сылтауратып, азаматтардың жеке деректерін иемденді. Содан кейін ол екінші деңгейдегі банктерде оларға тауарлық несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаны жеке мақсатта пайдаланды. Сонымен қатар ол интернет-ресурстарда жүргізуші куәлігін, медициналық анықтамаларды, еңбекке жарамсыздық парақтарын, әскери билеттерді жасау туралы хабарландырулар берді. Полицияға 20-дан астам павлодарлық жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру