Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ас үй ыдыстарын ұрлаған ер адам ұсталды

Ақсу полицейлері ас үй ыдыстарын ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының тәртіп сақшысына дүкен директорларының бірі белгісіз біреудің ас үй ыдысынан төрт таба ұрлап кеткенін айтып жүгінді. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, жедел уәкілдер 33 жастағы жергілікті тұрғынның орналасқан жерін анықтады.

15 қаңтардан 2 ақпанға дейін күдіктінің төрт табаны ұрлағанын анықтады. Дүкенге келіп, маңайында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, ол сөреден Tefal фирмасының табасын алып, қылмыс орнынан кедергісіз кетіп қалған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, айыпталушы бұрын да осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру