Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйінде басқарған павлодарлық 30 тәулікке қамауға алынды

Павлодарда мас күйінде көлік басқарған тұрғын 30 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпанда патрульдеу барысында Ертіс ауданының полицейлері 27 жастағы павлодарлықтың жүргізілуімен Audi көлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің басқаруға құқығы жоқ екені, сонымен бірге мас күйінде болғаны анықталды.

Полицейлер құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 7-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сотта ұсталған К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жұбайын туыстарынан алып, кешкі асқа шақыру үшін рульге отырғандығын түсіндірді.

Сот ер адамның мұндай романтикалық серпілісін ескермеді. Нәтижесінде, Ертіс аудандық соты ер адамды 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартты.

– Кез келген көлік құралын алкогольдік, немесе есірткілік мас күйінде басқару Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Мас жүргізушілердің қатысуымен болған жазатайым оқиғалар әрқашан зардаптардың жоғары ауырлығымен сипатталады. Аталған құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамауға алу және жеті жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген, – деп атап өтті Қуат Түсіпбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру