Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында кәсіпорыннан арпа ұрлаған қызметкер ұсталды

Павлодар облысында кәсіпорыннан арпа ұрлаған қызметкер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полициясына ЖШС бірінің директорынан астық тоғы аумағынан бидай мен арпа жоғала бастағаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Белгісіз біреу 4600 келі бидай ұрлағаны анықталды. Шығын сомасы 600 мыңнан астам теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Бірнеше күн бұрын орын алған жалпы салмағы 4000 келіден асатын 455 400 теңге сомасындағы арпаны ұрлады деген күдікпен ұсталған адам аталған кәсіпорынның қызметкері болып шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы кәсіпорынның аумағынан тағы бір ұрлық 31 тамызда орын алды, онда сондай-ақ салмағы 3200 келі бидай астық қалдықтарын әкеткен қызметкерлер күдікке ілінді, осылайша кәсіпорынға шамамен 330 000 теңге залал келтірді.

Қаскүнемдерге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру