Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал ұрлығы 30-ға төмендеді

Павлодар облысының Полиция департаменті мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауда, , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдің елді мекендерінде малды еркін жаю жалғасуда. Олардың иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және жолдарда автокөлік үшін елеулі қауіп-қатерлерге алып келеді.

– Бүгінгі күні облыста қаңғырып жүрген малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді. Тек ағымдағы жылдың алты айында ғана төрт мыңға жуық иесіз жайылып жүрген малды полицейлер арнайы айыппұл тұрағына қамады. Бірінші кезекте бұл мал ұрланбауы үшін жасалады, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары мал иелерінің жауапсыздығынан мал жоғалады деп шағымданады. Көбісі малды белгіленбеген орындарда және қараусыз бағады, соның салдарынан мал алыс қашықтықтарға, жету қиын жерлерге кетеді. Мұндай фактілер бойынша полиция жоғалған малды іздеуге көмектеседі.

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде мал ұрлығының 25 фактісі тіркелді, оның ішінде 21 факт ашылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы мал ұрлығы 30%-ға төмендеген.

Жәбірленушілердің полицияға дер кезінде жүгінуі ұрлықты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі. Көп жағдайда полиция ұрланған емес, жоғалған жануарларды іздеуге мәжбүр.

Полиция ауыл шаруашылық жануарларын жаю ережелерін сақтауға, ауыл шаруа қожалықтарының басшылары түнгі уақытта объектілерді күзетуге ерекше назар аударуға, табыншыларды оқытуға, малшы мен мал иесі арасында екі жақты шарт жасасуға, объектілерді жарықпен және байланыс құралдарымен жабдықтауға, сондай-ақ мүмкіндігінше GPS-навигаторларын орнатуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру