Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде трактор тізгіндеген азамат қамауға алынды

Павлодар облысында мас күйде трактор тізгіндеген азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын мас күйінде жүргізу жүргізушіге ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді. Бірақ немқұрайлы жүргізушілер салдары туралы ойланбастан, мас күйінде көлік құралын жүргізеді.

Мысалы, Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде тракторды тоқтатты, оның жүргізушісі өзін дұрыс қалыпта ұстай алмады және одан алкогольдің өткір иісі шықты.

– Жүргізуші аудандық ауруханаға медициналық куәландыруға жеткізілді. Нәтижелері бойынша ауыл тұрғынында алкогольдік масаңдықтың “орташа дәрежесі” анықталды. Осы факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды. Тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Самаров.

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізудің 850-ге жуық фактісінің жолын кесті. Әрбір құқық бұзушы жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру