Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде тыныштықты бұзған жүргізуші ұсталды

Павлодар облысында мас күйде тыныштықты бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері бүгінгі таңда мас күйінде көлік құралдарын басқарған 833 жүргізушіні ұстады және жауапқа тартты.

Сонымен рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері аудан ауылдарының бірінде түнгі сағат 01.00-де ВАЗ-2115 автокөлікті тоқтатты, жүргізушісі түнгі музыканың даусын қатты шығарып тыңдаған. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Жүргізуші аудандық ауруханаға медициналық куәландыруға жеткізілді, нәтижесінде полицейлердің күдігі расталды – жүргізуші мас күйінде болды.

– Ауыл тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал аудан сотына жіберілді. Құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төніп тұр, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Каткенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру