Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды

Павлодар облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шалдай кентінде патрульдеу кезінде жылдамдық режимін сақтамай жүрген автокөлік анықталды. Полиция қызметкерлерінің талабына жүргізуші бағынбаған, бірақ кейін автокөлік тоқтатылды. Honda автокөлігінің жүргізушісі 53 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.

– Жүргізушімен сөйлесу барысында алкогольдің өткір иісі пайда болды. Ол көлікті мас күйінде басқарғанын растады. Сонымен қатар, жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын жүргізгені анықталды, – деді полицияда.

Жүргізуші өзін ақтау ретінде құжатсыз көлік сатып алғанын айтты.

Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік материалды қозғады, материалдар сотқа жолданды. Аудандық соттың қаулысымен жүргізушіге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.Айта кетейік, биыл павлодарлық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген 1310 жүргізушіні ұстады. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аумағында мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған 12 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде бір адам қаза тапты, тағы 17 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру