Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында медбикені балағаттаған ауыл тұрғыны қамауға алынды

Павлодар облысында ауыл тұрғыны медбикені қорлағаны және қоғамдық жерде мас күйінде болғаны үшін бес тәулікке қамауға алынды және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының  тұрғындары учаскелік полиция қызметкеріне ауыл көшелерінің бірінде жүрген мас адам туралы хабарлады. Шақыртуға келген полицейлер ер адамды медициналық куәландыруға алып барды. Аудандық емханада медициналық куәландыру жүргізу кезінде ауыл тұрғыны балағат сөздер айтып, қабылдау бөлмесінің медбикесіне наразылығын білдірді.

– Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адам жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның қаулысымен бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолданылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ер адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Жыл басынан бері Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 310 қылмыскер жазаланды, оның үшеуі Ертіс ауданының тұрғындары.

Полицейлердің пікірінше, қорлау-бұл басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде көрсету. Бұл балағат сөздер немесе қоғамда қабылданған нормаларға қайшы келетін әрекет болуы мүмкін. Ол үшін құқық бұзушыға сот арқылы әкімшілік айыппұл салуға немесе қамауға алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру