Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталғандар арасында үздік шахматшылар анықталды

Павлодар облысында сотталғандар арасында үздік шахматшылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында шахматтан онлайн-сайыс өткізілді, оған аймақтағы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 9 мықты сотталған қатысты. Жарыстың төрешілігін Павлодар облысы Шахмат Федерациясы ұсынды.

– Бұл облыстық чимпионат шахматтан халықаралық турнир кезеңдерінің бірі, оған Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Белорусиядан сотталғандар қатысады. Сайыс Lichess.ord сайт платформасында өтеді, бұл онлайн режимінде шахмат сайыстарын ұйымдастырудың тегін нұсқасын ұсынады – Павлодар облысы ҚАЖД бастығының орынбасары Мақсат Әшімов түсініктеме берді.

Павлодар облысының үздік атағына тоғыз үміткердің ішінен үш жеңімпаз анықталды, олар республикалық турнирде жеңіске жеткен жағдайда қатысуды жалғастырады. Барлық турлардың қорытындысы бойынша АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған жеңімпаз атанды, екінші және үшінші орындарды Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/3 мекемесінде сотталғандар бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру