Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында Ресейде тіркеу есебінде жоқ көліктің жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Павлодар облысында Ресейде тіркеу есебінде жоқ көліктің жүргізушісі мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында патрульдеу барысында ЖҚЕ бұзғаны үшін Шарбақты ауданының полицейлері сағат 22:30-да Шалдай ауылында ВАЗ-21074 көлік құралын басқарған 38 жастағы жүргізушіні ұстады.

– Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты, медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде екенін растады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшысы деректер базасын тексеру кезінде аталған көліктің Ресей Федерациясында тіркеу есебінен шығарылғаны, бірақ Қазақстан Республикасында пайдаланылатыны анықталған. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Материал сотта қаралды, онда сот қаулысымен жүргізушіге 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамау қолданылды.

Ағымдағы жылы павлодарлық полицейлер мас күйінде автокөлік жүргізгені үшін 1310 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру