Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үйінде шу шығарған мас тұрғыннан қару тәркіленді

Павлодар облысында үйінде шу шығарған мас тұрғыннан қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 09.30-да Ақсу қаласының полициясына қоңырау түсті. Учаскелік инспектор берілген мекенжайға барып, ер адам мас күйінде әйеліне қол жұмсағанын анықтады.

– Осы теріс қылық әсерінен әйел моральдық пен психологиялық азапқа душар болды. 25 жастағы ер адамның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, сонымен қатар 30 тәулікке қорғау бұйрығы шығарылды, – хабарлады Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Тәртіп сақшысы атап кеткендей, әкімшілік жазадан бөлек, бұл азаматтың атына тіркелген тегіс ұңғылы ИЖ-27 Е қаруы тәркіленді. Қазақстан Республикасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу туралы” Заңына сәйкес азаматтың атына тіркелген қару заңға қарсы іс-әрекет жасалғанда тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру