Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада панкратион бойынша әлем чемпионы сотталғандармен кездесті

Елордада панкратион бойынша әлем чемпионы сотталғандармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі топпен, түзеу мекемесінде жазысын өтеушілер арасында өмірлік құндылықтарды түсінуге бағытталған іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға панкратион бойынша әлем чемпионы, NFS нұсқасы бойынша екі дүркін әлем чемпионы Ильдар Құдайбергенов шақырылды.

Кездесу барысында Ильдар Кұдайбергенов сотталғандарға өз өмір жолын айтып, түзеу мекемесінен босап шыққаннан кейін өмірге деген талпыныстарын жоғалтпау үшін, жаңа өмір бастауға ешқашан кеш болмайтыны туралы тәрбиелік мәні бар ынталандыру бағытында сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында сотталғандар да өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру