Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік ұрылары қолға түсті

Алматыда көлік ұрылары қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мойнында ресми түрде дәлелденген көліктерді ұрлаудың үш дерегі бар.

– Автокөлік ұрлағандарды әшкерелеу және ұстау іс-шарасын біздің бөлімшенің қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөліміндегі әріптестерінің көмегімен жүргізді. Күдіктілер ұсталды. Негізгі айыпталушы – 33 жастағы У.есімді азамат. Ол бөтен адамдардың көліктерін ашып, ұрлап кетіп жүрген. Ұрланған көліктерді жасырып, басқа жаққа айдап апаруға көмектескен, қылмыстың екінші сыбайласы – 29 жастағы К.есімді азамат. Тергеудің осы кезеңінде “дуэттің” қаланың Алмалы және Медеу аудандарынан үш көлікті ұрлауға қатысқаны анықталды. Бұл көліктер табылды және өз иелеріне қайтарылды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергелуде. Тергеу барысында айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру