Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үш жігіт балалар алаңында спирттік ішімдіктер ішкен

Павлодар облысында үш жігіт балалар алаңында спирттік ішімдіктер ішкен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бірнеше күн ішінде Павлодар облысы Успен ауданының аумағында полиция қызметкерлері 35 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахмановтың айтуынша, оның ішінде алты ұсақ бұзақылық фактісі, 14 адам қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкен, тіркеусіз тұрған – 12, біреуі ҚР Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған.

– Бұдан басқа, жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында біз азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын мұқият қадағалаймыз. Шетел жұмыс күшін және басқа қаладан келген азаматтардың тұруын анықтау үшін жайылым нүктелері мен шаруа қожалықтарын тексереміз. Сондай-ақ, біз қаруды сақтау ережелерін тексереміз, – деді ЖПҚ бастығы.

Мысалы, 16 қаңтар күні кешке Успенка ауылында патрульдеу кезінде полицейлер ойнап жүрген балалардың болуына қарамастан, балалар алаңында спирттік ішімдіктер ішкен үш жігітті анықтады. Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына бес АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Жастармен кездесу өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру