Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үздік тергеушілер мен сала ардагерлері марапатталды

Павлодар облысында үздік тергеушілер мен сала ардагерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 59 жыл толуына орай Павлодар облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді.

КСРО Жоғары Кеңес Президиумның Жарлығымен 1963 жылдың 6 сәуірінде тергеу бөлімшесінің құрылды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін тергеу органы сан рет өз ерекшелігін, қызметтің негізгі міндеттерін анықтаған. Алайда қанша өзгерістерден өтсе де, оның түп негізі – міндетіне адал болу бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.

Департамент басшылығы тергеу бөлімшелер қызметкерлерін көтермелеу жөнінде бұйрыққа қол қойды.

– Жаңа буын тергеушілеріміздің, біздің жастарымыздың бағындыратын белестері әлі алда. Мен сендердің уақыт бойы жинақталған тәжірибені әрі қарай дамытасыңдар деп үміттенемін. Тергеушінің басты қасиеттері – адамгершілік, Заң және адам алдында жауапкершілік, – деп Павлодар облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов жас тергеушілерге тілек білдірді.

Ардагерлер ұйымының жұмысына үлес қосқаны, жас тергеушілерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені және де кәсіби шеберлікті арттырғаны үшін Владимир Вязнюк «ІІМ құрметті ардагері» төс белгісімен марапатталды. Осы жылдың бірінші тоқсанының ішінде қызметін адал атқарып, жоғары жетістіктерге жеткен үздік тергеушілер Әсемгүл Жантемирова, Индира Сәкенова, Раада Уматаева, Олжас Көкеш қол сағаттармен марапатталды.

Марина Пугачқа, Джамбул Оразалинге, Руслан Қожабековқа, Замида Иманзаиповаға, Мадияр Абдрахмановқа, Алена Градильге Полиция департаменті грамоталары табысталды.

40-қа жуық облыс тергеу бөлімшелері тергеушілеріне алғыс хаттар берілді.

– Зор денсаулық тілеймін, бұнымен тоқтамаңдар, білім алыңдар, мұңаймаңдар, жолдарыңнан таймаңдар, – деп ардагерлер кеңесінің төрайымы Бақберді Абраев шын жүректен тергеушілерге тілек айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру