Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз тасымалмен айналысқан 2 такси жүргізушісі анықталды

Павлодар облысында заңсыз тасымалмен айналысқан екі такси жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ақсу өңірінде заңсыз тасымалмен айналысқан екі такси жүргізушісі анықталды. Сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдаушылар тарапынан 38 түрлі бұзушылық тіркелді.

– Мәселен, 29 маусымында тәртіп сақшылары 50 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Mazda автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жолаушыларды лицензиясыз тасымалдағаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.

Полицейлер жүргізушілерге заң талаптарын қатаң сақтауды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру