Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып қалды

Павлодар облысында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда сағат 14:10 шамасында Май ауданының Көктөбе ауылында Сейфуллин-Әйтеке би көшелерінің қиылысында Газ-А13G23 жедел медициналық жәрдем көлігі мен Toyota Mark-2 көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жедел медициналық жәрдем көлігі жүріп келе жатқанда көк түсті жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылып тұрған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі Май аудандық ауруханасына жатқызылып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша 36 жастағы Toyota Mark-2 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін Май аудандық сотына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру