Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауылдасының еміне көмектесемін деп алдап ақша алған күдікті анықталды

Қарағанды облысында ауылдасының еміне көмектесемін деп алдап ақша алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөлімсіне 64 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы хабарлаған.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар барысында жәбірленуші азамат денсаулығына байланысты ем қабылдау қажет болғаны белгілі болды. Күндердің күнінде жәбірленуші пошта қызметінде зейнет ақысын алуға келгенде белгісіз біреумен танысып, денсаулығына байланысты ем алатынын айтқан. Осы мезетте танысқан адамы Қарағанды қаласындағы ауруханалардың бірінде жақсы танысының барын, сол арқылы емдеуге жатқыза алатынын айтқан. Алайда жәбірленушінің сеніміне кірген соң ол жерге жату үшін ақша төлеу керектігін айтып, арызданушыдан 80 мың теңге алған. Кейін күдікті жәбірленушіге Қарағанды қаласынан дәрігер хабарласатынын айтқан. Арада бір ай уақыт өткенде танысқан адамынан еш хабар болмаған соң 64 жастағы азамат полицияға жүгінген.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы қала ауыл тұрғыны ұсталды. Ол қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру