Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ер адам автокөліктердің нөмірін шешіп алып, орнына ақша талап еткен

Елордада автокөліктерден мемлекеттік нөмір ұрлаған және ол үшін сыйақы талап еткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны Байсейітов көшесінде белгісіз біреу оның Huyndai Elantra автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ұрлап кеткені жөнінде арызданды. Елордалық полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады. Ол бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Қылмыскердің іс-қимыл схемасы өте қарапайым. Ол көлік құралдарынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді шешіп, автокөліктің маңдайшасында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгіні қалай қайтарып алуға болатынына қатысты жазба мен Telegram-каналына сілтеме қалдыратын болған. Содан кейін күдікті көлік иелерінен хабар күткен. Көлік құралдарының иелері кері байланысқа шыққанда қаскүнем оларға ақша аударулары үшін банктік карталардың нөмірлерін немесе абоненттік нөмірлерді жолдаған. Өз қызметі үшін ол 10 мың теңге сұраған.

Қазіргі уақытта бопсалаушының әрекеттерінен сегіз адам зардап шеккені белгілі болды.

Аталған фактіге сәйкес “Бопсалау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру