Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жыл басынан бері ЖКО салдарынан 40 бала түрлі жарақат алды

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу – бүкіл қоғамның проблемасы. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың басты себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы.

– Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды, -деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД.

Көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді. Сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережелерін бұзу орын алады.

Жол жарақатының маңызды себебі – көлік құралында жолаушының, жүргізушінің қауіпсіздік белдіктерін тақпауы немесе балаларды ұстайтын құрылғының болмауы.

Көбінесе ересектер баланың көзінше жол ережелерін бұзады, ал балалар үлкендердің жасағанын қайталайды. Балаларда әлі де жолдарда жүріс-тұрыстың берік практикалық дағдылары жоқ.

Осы орайда полиция жолдағы ересектердің жол ережелерін сақтауы олардың балаларына да үлгі болатынынескертеді. Күн сайын балаларға жол ережелерін және жолдан өту кезінде жолда сергек және мұқият болу қажеттілігін айтып отырған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру