Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының аумағында “Жаяу жүргінші” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

 Жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жүргізушілер арасындағы тәртіп деңгейін көтеру мақсатында 2020 жылғы 14-18 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында “Жаяу жүргінші”жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 5 270 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олар жол беретін құқық бұзушылықтардың негізгілері – бағдаршамның қызыл жарығына өту және жолды белгіленбеген жерден кесіп өту болып табылады.

Облыс полицейлері жергілікті тұрғындарға жолды кесіп өту кезінде сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру