Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда балаларға жол ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Павлодар қаласы полиция басқармасының қызметкерлері "Балалар жолда" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қатысатын кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аударылуда. Полицейлер саябақтарда, балалар алаңдарында және жаппай демалыс орындарында жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаудың маңызы туралы түсіндіру әңгімелерін өткізіп, жолдың жүріс бөлігінде және жаяу жүргіншілер өткелдерінде өзін қауіпсіз ұстау тәртібін түсіндіріп жатыр.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері велосипед жолақтарына ескерту таңбаларын түсіріп, жас жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіз қозғалыс ережелерін еске салуда. Кездесулер барысында балаларға жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды дұрыс кесіп өту тәртібі, жолға шығар алдында қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттігі, сондай-ақ бағдаршам сигналдарына мұқият назар аудару жайлы да толық айтып беруде.

Профилактикалық кездесулер барысында велосипедтер мен электр самокаттарын пайдалану қағидаларына да ерекше көңіл бөлінеді. Полицейлер қозғалыс кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жаяу жүргіншілерге мұқият болу, қорғаныш құралдарын пайдалану және тыйым салынған жерлерде жолдың жүріс бөлігіне шықпау қажеттігін еске салуда.

Мұндай іс-шаралар балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру