Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланда арқан тартудан командалық біріншілік өтті

Ұлттық ұланда арқан тартудан командалық біріншілік өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығында арқан тартудан командалық біріншілік ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық сайысқа бас басқармалар, басқармалар, қызметтер мен орталықтардың құрама командалары қатысты. Жарыста барлығы 120 әскери қызметші бақ сынады.

Жарыс әскери қызметшілер арасында дене дайындығын нығайтуға, командалық рух пен ұйымшылдықты арттыруға бағытталды. Қатысушылар тартысты бәсекеде күш пен төзімділіктерін көрсетіп, жеңіс үшін барын салды.

Жарыс қорытындысы бойынша 3-орын Арнайы операция орталығының командасына бұйырды. 2-орынды жауынгерлік даярлық бас басқармасының командасы иеленді. Ал 1-орынды Тыл, мемлекеттік сатып алу, күрделі құрылыс және пәтерлендіру басқармасының құрама командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бекайдар Қазкеев грамоталар табыстап, үздік нәтиже көрсеткен командаға жарыстың ауыспалы кубогын ұсынды.

Айта кетейік, спорттық іс-шара әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтеріп, бөлімшелер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру