Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Павлодарда бейнекамералардың көмегімен 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел бақылау орталықтарының жұмысы құқық тәртібін қамтамасыз етудің, құқық бұзушылықтармен, оның ішінде көшелер мен қоғамдық орындарда онымен күресудің тиімділігін, полицияның кешенді күштерінің қылмыстарға жедел ден қоюының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың олар туралы хабарлауына бағытталған.

– Биыл жедел бақылау орталығының орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 34 қылмыс ашылды, – деп мәлімет берді Павлодар облысының ПД.

Сонымен қатар 3187 әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде -175 ұсақ бұзақылықтың, 523 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің, 941 жол жүру ережелерін бұзудың жолын кесуге мүмкіндік туды.

Көбіне шағымдар азаматтардан отбасылық жанжалдар, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, аулалардағы автотұрақтар бойынша түседі.

Полиция сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, көмек дер уақытында жету үшін дереу “102” нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді. Сондай-ақ полицияға неғұрлым тез хабарлассаңыз, қылмысты жылдам ашып, ұрланған мүлікті қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру