Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда дүкен иесі алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 296 мың теңге айыппұл төледі

Павлодар облысында дүкен иесі алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 296 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп, лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері алкогольге қарсы заңнама саласы бойынша тұрақты түрде рейдтер жүргізеді.

Павлодар қаласындағы дүкен иесін алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 296 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп, лицензиясынан айырылды.

– М.Горький көшесіндегі дүкендердің бірінде этил спиртінің көлемдік үлесі 38 %-дан  асатын көлемі 0,5 литр алкогольдік сусын саудасының жолы кесілді. Алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотта қаралып, сот қаулысымен дүкен иесіне алкогольдік өнімдерді сату лицензиясынан айыра отырып, 295 360 теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді Павлодар қаласы ПБ полиция аға учаскелік инспекторы Азамат Махватов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру