Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлігін дұрыс тұрақтамаған 2 мыңдай жүргізуші анықталды

Павлодарда көлігін дұрыс тұрақтамаған 2 мыңдай жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлік жүргізушілері басқа азаматтардың жолын бөгеп, көліктерін белгіленбеген жерге қояды. Мұндай жағдай өмірлік маңызды қызметтер – жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, полиция үшін де қолайсыздықтар тудыруы мүмкін.

– Павлодар қаласының Астана көшесінде кезекті факт анықталды. Toyota Land Cruzer автокөлігінің жүргізушісі көлікті көгалдың үстіне қалдырды. Өтіп бара жатқан адамдар бұл фактіге наразы болып, полицияға қоңырау шалды. Полиция көліктің иесін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы  патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сләмбеков.

Дәл осындай фактіні сол күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері де анықтады. Toyota RAV 4 жүргізушісі де көгалға келіп тоқтаған. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл өңірдің 1998 тұрғыны көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру